G
enby!

Шың басында шырылдаған сәби

Содан бері арада қанша жылдар өтсе де, ойымнан «Бүркіт неге мені бірден өлтіре салмады? Әлде, іштен шыққан балапанын қанаты қатпай жатып қайта-қайта қолды ете берген «қаскөйге» саналы түрде қайтарған кегі ме? Болмаса, адамзат баласына керек бала, құс екеш құсқа да керек екендігінен сабақ алсын деді ме екен?» деген сұрақтар санамнан бір сәт шығып көрген емес – деп Байырхан ақсақал әңгімесін аяқтады. Зағип ақсақалдың әңгімесін мен ғана емес, айналадағы тіршілік атаулы ұйып тыңдағандай, бір сәт өлі тыныштық орнады. Манағы бір әзірде домбырамен бәсекелесіп құйқылжыта ән салған бозторғай да көрінбейді. Мен не дерімді білмей, алдымда отырған адамның басынан өткен оқиға емес, әлдебір ескі заманның ертегісін естігендей мең-зең күйде отырып қалдым – деген еді әкем жарықтық. Автор

Смотрите также