ҚАНДАСТАР ҚАЙДА ОРНАЛАСАДЫ?
Үкімет тарихи отанына оралған қандастарды халық аз орналасқан және еңбек күші тапшы өңірлерге орналастыруды көздеп отыр. Бұл орайда еліміздің сотүстігі мен шығысына басымдық берілмек. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,8% Қытайдан, 41,2% — Өзбекстаннан, 5,5% — Түрікменстаннан, 2,6% — Монғолиядан, 2,4% — Ресейден және 2,5 басқа елдерден оралған.