G
enby!

Dalatunes: ария «Гәкку», опера «Қыз Жібек»

22 наурыз күні — бүгін, Наурызда, жазушы және драматург Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл толады. 1934 жылы Ғабит Мүсірепов «Қыз Жібек» тұңғыш қазақ операсының либреттосын жазды. Музыкасы атақты Евгений Брусиловскийдікі. Мэтр музыка негізіне елу шақты халық күйлері мен әндерін алды. Бұлардың ішіндегі ең атақтысы  — Қыз Жібектің ариясы «Гәкку». Ол «Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші Күләш Байсейітоваға арналған еді.   Бір қызығы, 1934 жылы «Қыз Жібек» операсының премьерасын жұрт салқын қабылдады.  Евгений Брусиловский сол жолы этнограф Александр Затаевичке былай деп жазды: «Спектакль жаман шыққан жоқ, алайда, меніңше, қалың жұртқа ұнай қойған жоқ. Себебі әзірше маған белгісіз». 1936 жылы мамыр айында Мәскеудегі Қазақ өнерінің декадасы кезінде опера зор табысқа ие болды.    Айтпақшы, Мүсіреповтың либреттосы режиссер Сұлтан Қожықовтың 1970 жылғы осы аттас фильмінде де қолданылды. Бірақ лентада алдыңғы планға музыка емес, оқиға желісі шығады. Музыка мұнда — тек  фон ғана.  

Смотрите также