#12 зертханалық жұмыс. Есту ерекшеліктерін зерттеу (есту қабілетін анықтау)
Биология 8-сынып. С 64 Биология: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық/ А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. – Алматы: Атамұра, 2018. – 288 бет. №12 зертханалық жұмыс Есту ерекшеліктерін зерттеу (есту қабілетін анықтау) Жұмыс мақсаты: есту қабілетін анықтау. Құрал-жабдықтар: сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте, 7 м-ден кем емес рулетка. Жұмыс барысы Жұппен жұмыс істеу керек: алдымен бір оқушы зерттелуші, екіншісі зерттеуші рөлін атқарады. Сосын рөлдерін ауыстырады. 1. Толық тыныштықта 6,5–7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөзді сыбырлап айтады. 2. Зерттелуші кезек-кезек біресе оң, біресе сол құлағын жа уып, зерттеушінің сөзін қайталайды. Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алады. 3. Егер айтушының сөзі қате болса, арақашықтық біртіндеп 5 м-ге дейін қысқартылады. Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал: Жиілігі төмен сөздер Жиілігі жоғары сөздер Бала Рига Вагон Саша Шұжық Басқа Дәм Бөбек Мәре Жас Шұлық Босқа Олжа Дін Өрік Шаш Тас Тіс Үкі Қайрат Қалам Шай Құлық Шу Мәре Ұн Өгіз Сіріңке Зат Шайға Есту қабілетің туралы қорытында жаса. Қалыпты есту (жақсы есту) 6 м-ден алыс қашықтықта, ал нашар есту 5 м-ден аз қашықтықта сыбыр лап сөйлеуді анықтауға байланысты екенін ескеріңдер.