G
enby!

СОЗАҚТЫҢ СОҢҒЫ САРБАЗЫ БАҚИЛЫҚ САПАРҒА АТТАНДЫ! «АДАМ ӨЛМЕЙДІ – АРТЫНДА ҰРПАҒЫ, ІЗІ, СӨЗІ ҚАЛСА…

Уақыт мәңгі емес. Қанша жерден алып болса да, адам – пенде. Ғасыр жасаған асыл қария да бұл өмірмен қош айтысты. 2025 жылдың 11-нен 12-сіне қараған түні, Мырзахмет Жылысбаев атамыз бұл жалғаннан бақиға сапар шекті. Қаралы хабар жетісімен, Созақ даласына қара бұлт үйірілді. Ел егіліп, жұрт жылап, ұрпақ иіліп, ауыл аза тұтты. Марқұмға ардагерге лайықты құрмет көрсетілді. Жүздеген адам жиналып, жаназа намазына қатысты. Құран бағышталып, дұға жасалды. Жер бесікке жатарда – алақанмен емес, тағзыммен шығарып салды жұрт.

Смотрите также