G
enby!

АТЫРАУ КӨШЕЛЕРІ ОЙДЫМ-ОЙДЫМ...

АТЫРАУ КӨШЕЛЕРІ ОЙДЫМ-ОЙДЫМ... Көлікті қинап-ақ жіберетін «Дакар» ралли марафонына қатысу үшін қазақстандықтар қыруар ақша шығарып, Сауд Арабиясына бармаса да болады негізі. Ол үшін мұнайлы саналатын, бірақ жолына тиіп кетсең «мұң айтатын» Атырауға келсе жетіп жатыр. Өйткені жыртық-тесігі жыл сайын жамалса да, арада алты ай өтпей «мен мұндамын» деп, жүргізушілердің аузынан лас сөздің түйдек-түйдек шығуына түрткі болатын қазан шұңқыр облыс орталығының қай көшесінен де табылады. Айтпақшы өткен жылы қаладағы шұрқ-тесік жолды жөндейміз деп әкімдік 250 000 000 теңге бөлген. Және оны игерген. Бірақ көлік шинасының нашарлығы ма, әлде жүргіншілердің аяқ киімінің сапасыздығы ма, кім білсін, жол үсті қайтадан ойдым-ойдым болып жатыр. ТОЛЫҒЫРАҚ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДА

Смотрите также