G
enby!

Астанада Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтпек

Ел ордасы Астанада Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтпек. Биылғы жәрмеңкеге әр ауданнан 11 жүк көлігі дайындалып, 180 тоннаны қамтитын өнімдерді жеткізу үшін жолға шықты. Жалпы 40-тан аса түрлі өнім ұсынылады. Олардың ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөністер мен жемістер, сондай-ақ 21 тонна картоп пен басқа да сапалы азық-түлік бар. Қала тұрғындары бұл өнімдерді нарықтағы бағадан шамамен 15 пайызға төмен бағада сатып ала алады. Азық-түліктердің қауіпсіз әрі уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін жүк көліктері міндетті техникалық тексерістен өткен. Сондай-ақ, Тасымалдау кезінде санитарлық және қауіпсіздік талаптары қатаң сақталатыны ерекше назарға алынған.

Смотрите также