Катоным.А.Какиев.
КАТОНЫМ. (Катон-Нарын) Сөзі: Ерлан Ахметов. Әні: Арыстанбек Какиев. 1. Асқар Алтай аспандаған, Арман-асу, дастан-далам. Алтынбелім, Көктерегім Ай сәулесін шашқан маған. Асыл маржан Жұлдыз-бағым, Қаражал мен Құндыз, Балғын. Алыбайым, Майемерім Әуелеткен ұл-қыздарын. Қайырмасы: Аялатқан жанын нұрға, Жастық алау – жалынында. Қазағымның Жерұйығы – Катоным мен Нарынымда. 2. Ақмаралым – таңымдайсың, Белқарағай – балымдайсың. Қаумыш, Марал көлдерімдей Аққайнарым – арымдайсың. Ақсу, Берел – көркем жерім, Жамбыл, Өрел – өлкем менің. Шұбарағаш, Топқайыным, Аршатыдай – өркенді елім. 3. Еңбек, Өрнек тілектері Жарып шығар түнектерді. Мойылдым мен Жаңа үлгім Баурап алар жүректерді. Рахманымның қайнарындай, Бұқтырманың айлағындай. Берекелі Шыңғыстайым – Бірлігімнің қаймағындай.