Алматы көшелері тас түнекке айналғалы бес жылдан асты
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Алматы көшелері тас түнекке айналғалы бес жылдан асты. Мегаполистің басты проблемасының бірі - жарықтандыру. Дегенмен жауаптылар соңғы бір жарым жылда шаһарды жарықтандыру 95 пайызға жетті деп отыр. Ал тұрғындар жаңадан орнатылған бағаналардағы сығырайған шамның мәселені шешпегенің айтады. Алматы қашан жарқырайды? Нұрсұлтан Біләл анықтап көрді. Жылдар бойы Алматының «жырына» айналған көшені жарықтандыру проблемасы әлі де тұрғындарды мазалайды. Орнатылған жаңа бағаналардағы шамдар қуаты әлсіз. Халық кешкі Алматыда бой жазып жүруден қалдық дейді. Өйткені жарығы жоқ көшеде жүру қауіпті. -Енді кейбір көшелерде бір қараңғы көшелер бар ғой мынандай қуыс көшелерде сондай шамдарды қойып қояды. Ал ол шамдар сондай жарық бермейді. Келе жатқан кезде жанып тұр ма ол, жанған жоқ па белгісіз. -Осы жарықтандырумен үнемі бір проблема болып жатады. Яғни осы центрде жүргеннің өзінде де үнемі білмеймін қаланың шет жағында жүргендей боламын. Үнемі қараңғы болып тұрады. Өзім қыз ретінде мен өзімді мысалы сезінбеймін в безопасности. -Біздің қаламыз миллионник қалада ең көп адам тұратын жер. Бірақ освещениесімен де проблема. Көктемде, күзде күн аз күндері ол қатты көрінеді. Ал «Алматы қала жарық» мамандарының сөздерінше, бұған дейін өз міндеттерін толық орындамаған жекеменшік компаниялардың кесірінен қала халқы қараңғыда қалған. Тіпті қызмет көрсеткендер қаражатты үнемдеу үшін көшелерге жаппай сапасыз шамдар мен бағаналар орнатқан. Қазір әкімдік сол олқылықтарды қалпына келтіріп әлек дейді. ТЕМІРЛАН МОЛДАХИМОВ, «АЛМАТЫ ҚАЛА ЖАРЫҚ» МКК өндіріс техникалық бөлімінің басшысы: Қазіргі таңда осы уақытқа дейін «Алматы қала жарықтың» күшімен 21 мыңнан астам жарық шамдар ауыстырылды. Мыңға жуық опор ауыстырылды. 230 шақырым кабель ауыстырылды. Қазіргі жаңартылған ЛЭД шамдар қойылып жатыр. Қуаттары 150-200 вват. Жауаптылар жарықтандыру проблемасын 100 пайызға шешу мүмкін емес дейді. Дегенмен қазір көше шамдарының 95 пайызы жұмыс істеп тұр деп сендіреді. Бірақ халықтың көбі Алматыда әлі де тас түнекке батқан көшелер көп деп отыр. ----------------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық