2023 жыл. Ақтөбе қ. Алға ауданы. Сары Қобда өзені жағалауы. Кердері Әбубәкір Боранқұлұлы кесенесі
2023 жылдың 26 мамырында Ақтөбе облысы, Алға ауданы Сарыхобда округі, Болгарка ауылында Ұлттымыздың сан ғасыр бойы уақыт елегінен өткен, кемеңгер ойларының өнеге - өсиеттерінің мәйегі болған терме өнерін жаңғырту арқылы ақиық ақын, жыршы - термеші Кердері Әбубәкір Боранқұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында Алға ауданы әкімдігінің бастамасымен ақынның өмірбаяны мен өлеңдері жинақталып басылып шыққан "Ақсұңқар құстың асылы" атты кітаптың тұсау кесері мен "Тамырларым тереңде, бұтақтарым биікте..." атты аймақтық жыршы - термешілер байқауы ұйымдастырылды. 15 үміткер қатысқан байқауда Ақтөбе облысы және аудандарымен қатар Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарынан келген өнерпаздар да бағын сынап термелерін орындады. Байқау шарты бойынша өнерпаздар батыс өңірінің мақамымен 2 екі терме яғни Әбубәкір Кердері Боранқұлының шығармасынан бір терме, халық ақын-жыршылары мен қазіргі заман ақындарының толғау- термелерінен бір шығарма орындауға міндеттелді. Байқау аудан әкімі Ержанов Нұрбол Бақытжанұлының құттықтау сөзімен басталып, "Ақсұңқар құстың асылы" кітабының тұсауы кесілді. "Ақсұңқар құстың асылы" топтамасының оқырманы көп болсын деген тілекпен аймақтық жыршы- термешілер байқауы басталып, берілген шарттар бойынша термешілер өздерінің дайындаған шығармаларын орындап, әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды. Әділқазылар алқасы да осал болған жоқ. Атап айтқанда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы - Аппазов Бекжан Аппазұлы, аудандық "Жұлдыз" газетінің бас редакторы - Шара Елеусізқызы, "Ер Едіге" жыр мектебінің жетекшісі, жырау - Сарин Әділбек Мұхидуллаұлы, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің "Музыка және хореография" оқытушысы, Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының солисі және 2021жылы Әбубәкір Кердері Боранқұлының шығармашылығына ұйымдастырылған аймақтық жыршы - термешілер байқауының бас жүлдегері және республикалық конкурстардың лауреаты - Елемесов Жеңіс Қажымұқанұлы. Байқау жеңімпаздары төмендегі рет бойынша анықталды: Бас жүлде - (600 000) Еримова Аружан, Атырау облысы, 1 орын - (400 000 т) Әбілқасан Нұрпейіс, Ақтөбе облысы, 2 орын - (200 000 т) Утеулиев Естай, Хромтау ауданы, 2 орын - (200 000 т) Ермекбай Бекзат, Алға ауданы, 3 орын - (100 000 т) Кәрім Жаслан, Темір ауданы, 3 орын - (100 000 т) Сүгірбай Марат, Қызылорда облысы, 3 орын - (100 000 т) Барлыбаев Жақсыбек, Маңғыстау облысы Алғыс хат алушыларға - 80 000тг. қаржылай сертификат табыстлды. Олар: Шотов Алтынбек, Ойыл ауданы, Макуов Серік, Қарғалы ауданы, Уразаев Асет, Шалқар ауданы, Нұрмағанбетов Мерген, Байғанин ауданы, Самен Жолдас, Мұғалжар ауданы, Қажығалиев Бейбіт, Батыс Қазақстан облысы, Әбдірахманов Ғалым, Ырғыз ауданы. Ал Арнайы жүлде, 130 000тг. қаржылай сыйлық Мәртөк ауданынан қатысқан Нұрзада Бекайдарова бұйырды. Барлық ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, жыр додасы жалғасын тапқай деймін. Ақпараттар Ақтөбе облысы, Алға ауданы әкімдігінің мәліметтері бойынша дайындалды