КТК: Қазақстан жаңалықтары 03.11.2025
Жүргізуші: Нұргүл Нұрлан (Instagram: @nurgul.nurlanqyzy) ДАБЫЛ ДАУЫ Сапасыз орнатылған құрылғыны қабылдап, қыруар қаржыны қалтаға басқан. Алматыда былтырғы зілзала кезінде қосылмаған дабыл үшін бірнеше шенеунік сотталды. САҒЫЗША СОЗЫЛДЫ Құны 2 миллиардтан 4 миллиард теңгеге өсіп шыға келді. Атырауда мемлекеттік тапсырыспен салынып жатқан мектеп құрылысы жылдап бітер емес. КӨРЕРІ БАР Соқтығысқан жүк көліктерінің ортасында қысылып қалған. Ақмола облысының құтқарушылары 34 жастағы жүргізушіні аман алып қалды. ҚАПТАҒАН МЫСЫҚ Аядай жерде 17 мысық асырап, пәтерін қораға айналдырған. Алматы тұрғындары тазалықтан жұрдай көршіден құтқаруды сұрады. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары