10-сынып оқушыларының оқу-далалық жиынының ашылу салтанаты өткізілді.
Жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 19–23 мамыр аралығында 10-сынып оқушылары алғашқы әскери және технологиялық дайындықтан өтетін оқу-далалық жиынға қатысады. Биылғы жиын әр мектептің өз алаңында ұйымдастырылды. 19 мамыр күні жиынның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А. Щапова құттықтау сөз сөйлеп, оқу-далалық жиынның маңыздылығына тоқталды. Жиын барысында оқушылар бекітілген оқу жоспарына сәйкес саптық даярлық, спорттық жаттығулар және әскери-спорттық іс-шаралардан өтті. Барлығы 10 оқушы қамтылды. Жиынға жауапты жетекші – Молдағалиева Ә.А. Бұл жиын оқушылардың патриоттық рухын арттырып, әскери тәртіпке баулуға бағытталды.
Смотрите также
