КТК: Қазақстан жаңалықтары 28.07.2025
Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: / aigerimaskarkyzy_ktk ) ІЗДЕСТІРУ ЖАЛҒАСУДА Радардан жоғалған тікұшақ пен экипаж мүшелері 4 тәуліктен бері табылар емес. Бөлшектері Алматы маңындағы Сорбұлақ көлінен көрінді деген құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. ЕМДЕЛУГЕ ЖІБЕРДІ Ақыл-есінде ауытқу бар. Пойызда босанып, баласын вагон терезесінен лақтырып жіберген әйелге үкім шықты. ЖОЛДАҒЫ ЖАЗЫМ Ережесіз жекпе-жектен чемпион Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатынан кейін оңалып келеді. Полиция 2 адамның қазасына әкелген қайғылы жағдайға қатысты тергеуді жалғастыруда. НЕДЕН ЕЛІРГЕН? Алматыда Арбатта ес-түссіз жатқан жеткіншектердің ата-аналарына шара қолданылған. Полиция жасөспірімдерді не есеңгіреткенін айтты. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары