G
enby!

АЛМАДАН ВАРЕНЬЕ жасау. Алма тосабы. Янтарьное яблочное варенье. Оңай рецепт. Бал секілді ӨТЕ ДӘМДІ.

АЛМАДАН ВАРЕНЬЕ жасау. Әдемі сары түсті Алма тосабы. Янтарьное яблочное варенье. Ең оңай рецепт. Бал секілді ӨТЕ ДӘМДІ. ⠀ Достар, бүгін алмадан жасалу жолы оп-оңай, түсі өте әдемі, өте дәмді дәмі бал секілді шығатын варенье жасайтын боламыз. Бұл вареньеге құрт түскен, ұрылған, соғылған алма жарай береді. ⠀ Ең алдымен алмаларымыздың  барлығын жақсылап жуып аламыз. Алманың формасын қалауларыңызға қарай турап аламыз. ⠀ ❗️1 кг алмаға 1 кг қант қажет болады. ⠀ Қантты өлшеп алмамыздың мөлшеріне қарай табаққа саламыз. Үстіне туралған Алманы салып, жақсылап араластырамыз. Бірден бәсеңдетілген отқа қойып қанты ерігенше араластыра отыра  қайнатып аламыз. Қайнағаннан кейін 5-10 минут бетін қақпақпен жауып, жәймен қайнатамыз. Сосын өшіріп,  беті жабулы күйінде суығанша ұстаймыз. Жарты-бір тәуліктен кейін отқа қайта қойып, жабулы қақпақпен тағы 5-10 минут қайнатып аламыз. ⠀ Алдын-ала жуылып, стерильденген ыстық банкаға ыстықтай құйып,  жауып тастаймыз. Бар болғаны осы. Жасалу жолы оп-оңай, бастысы өте дәмді шығатын алмадан тосап жасап алуға кеңес беремін. ⠀ Достар, видео пайдалы болса,  арнама тіркеліп, лайк басып,  қоңырауша батырмасын баса кетуді ұмытпаңыздар. ⠀ Сіздермен бірге болған мен, Марал Есенова Мои плейлисты: Заготовка на зиму:    • Қысқа банка жабу   Компоты:    • Қысқа дайындық КОМПОТТАР   Заморозка овощей на зиму:    • Қысқа қатыру / Заморозка овощей   #маралесенова #алмадантосап #алмаданвареньежасау #алмаданваренье #вареньеизяблок #янтарьноевареньеизяблок

Смотрите также