Түркістан облысында оқушы қызды қорлаған ұстазы сотталды
Түркістан облысында оқушы қызды қорлаған ұстазы сотталды. Жасөспірімге сексуалды сипаттағы әрекет жасаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 12 жарым жыл жаза арқалады. 38 жастағы азамат білім беру саласында өмір бойына жұмыс істеу құқығынан да айырылды. Оның кінәсі сараптама қорытындысы, айғақтар мен куәгерлердің жауабынан кейін толық дәлелденді. Бірақ бес баланың әкесі кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Сұмдық оқиға биыл мамыр айында Келес ауданында болған еді. Қызды ауыл сыртына алдап апарған мұғалім арам ойын іске асырған болатын. Шошып келген оқушы болған жайды жақындарына айтып, артынша полицияға арызданған. Осыдан кейін 16 жыл бойы мектепте ұстаз болған ер адам күдікке ілініп, қамауға алынды. Айта кетейік, соңғы сот отырысына жәбірленушінің туыстары келген жоқ. ҒАНИ ҚҰЛДАСОВ, Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: Шақырғаныңыз кездесуге. Өзіңіз звондап шақырғаныңыз. Ол бойынша кіріс-шығыс қоңырауларын кім звондады, кім қабылдады звонокты солардың бәрін зерделеп, сот осындай шешімге келіп отыр. Одан бөлек сіздің әрекетіңізде нақты азғындық әрекеттер орын алған. Яғни жәбірленушіге қатысты құшақтау, ұстау, үйкелеу нақты азғындық әрекеттер жасаған деп табылды. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал #зорлған #түркістан #сотталды