«Жетінші арна» тілшілері Бейнеу гарнизонындағы сарбаздардың өмірімен танысып қайтты
Арнаға тіркел / Подпишись на канал: / @thesevennews Бейнеудегі №99116 әскери бөлімінің психиатриялық ауруханада жатып шыққан үш сарбазы Астанада арнайы комиссияның шешімін күтіп отыр. Әскерге жарамды деп танылса, Отан алдындағы борышын өтеуді жалғастырады. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы айтты. Қорғаныс министрлігі сарбаздар қызмет атқарған әскери бөлімге тілшілерді апарып, тұрмыс-тіршілігін көрсетті. Бейнеудегі №99116 әскери бөлімі Ақтаудан 400 шақырым қашықта орналасқан. Біз Ақтауға ұшақпен, ал Бейнеуге тікұшақпен жеттік. Жеті сарбазы жындыханаға түсті деген ақпарат тараған әскери бөлім осы жер екен. Болған жайды бөлім психологы айтып берді. ФАРИДА ТҰРҒЫНБАЕВА, №99116 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ПСИХОЛОГЫ Жеті бала деген жалған ақпарат. Бізге 3 бала жіберілді. Үш баланың ішіндегі Шынтеміров, Ысқақ, Байыш деген үш солдатты із алдын алу мақсатында клиникаға тексеруге жібердік. Байыштың диагнозы түнімен ұйықтамайды, басын автоматпен соғады, қабырғаға соғады. Түнімен жүреді. Шынтеміровте қолын кесу фактісі тіркелген, әскерге келмес бұрын сондай жағдай анықталғаннан кейін алдын алу мақсатында ол баланы жібердік. Үшіншісі – үйленген бала. Әйелі екіқабат. Үйіндегілері әйеліне дұрыс қарамағандықтан, баласын жоғалтып алуға қорыққандықтан, ол әскерде қызмет еткісі келмеді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Бауыржан Артықовтың айтуынша, үш жігіт қазір Астанадағы әскери-клиникалық госпитальде комиссияның шешімін күтіп отыр. Әскерге жарамды болса, қызметін жалғастырады. Бұл бөлімде қазір 200-ге тарта сарбаз борышын өтеп жатыр. Қолбасшы оларға барлық жағдай жасалған деп, жатын орны, киер киімі мен ішер тамағын көрсетті. Жауынгерлердің формасын министрлік бекітеді. Шымкенттік компания тігіп береді. Сарбаздардың киім-кешек, төсек-орны апта сайын жуылады. Кір жуатын арнайы орын бар. Онда төрт адам еңбек етеді. Бір сарбаздың тәуліктің тамағы – 2 250 теңге. Бұл – құрғақ азық, яғни әскери қызметшілердің оқу-жаттығу жиындарында, далада ішетін асы. Түрлі ет консервісі, көкөніс, нан мен майдан бөлек, құрамында кофе, тәттіден шоколад бар. Бұрынғыдай «асханадағы кезекшілік» жоқ. Сарбаздар картоп аршып, тамақ пісірмейді қазір. Бәрін жалдамалы жұмысшылар істейді. Тамақ ішуге сарбазға 50 минут беріледі. Қатардағы жауынгер Айбек Кембілов әскердегі тәртіпке тез үйренгенін айтты. Сарбаздың күн тәртібі дұрыс ұйымдастырылған. Жауынгерлік міндеттерден босаған соң, қалауымызға қарай өз ісімізбен айналысамыз дейді. Сарбаз Райымбек Әділбайұлының анасы Гүлжазира Салахитденова да баласының әскердегі жағдайына риза. Бейнеу ауылында тұратын ол ұлына жарты жылда екі рет келіп кеткен. «Ақша сұрау, әлімжеттік көрсетуді болдырмау үшін казарманың әр бұрышына бейнекамера қойдық», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы. Ол ата-аналарға үндеуін де жолдады. Бейнеудегі барлау шабуылдау батальонының тұрмыс-тіршілігімен танысқан соң, Ақтаудағы теңіз-әскери күші әскери бөлімінде болдық. Ол туралы ертең сюжет ұсынамыз. --------------------------------------------- Официальный сайт «Седьмого канала» https://tv7.kz/ru/
Instagram: / tv7_kz TikTok: / tv7_kz Facebook: / tv7kz Telegram: https://t.me/tv7_kaz
#Жаңалықтар #жаңалықтар2025 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал