Қызылорда-Жезқазған жолы: Жұмыс 2 ауысымда жүріп жатыр
#qyzylordatv Біздің телеарнаның түсіруші тобы халық күткен Қызылорда-Жезқазған күре жолының құрылысын басты назарда ұстап, әлсін-әлсін трассадағы тірлікті таспалап келеді. Күре жолдың құрылысы туралы тілшіміз Айнұр Тұңғышбаева айтып берсін. //Біз қазір Қызылорда-Жезқазған трассасының бойында тұрмыз. Мына жер Ұлытау аумағының шекарасы. Қызылордаға тиесілі жолдың асфальттанбаған тек 18 шақырымы қалды, ал осы жерден Жезқазғанға қарай 208 км жерге асфальт әлі түспеген тек құм мен гравий жабындысымен жатыр/ Енді рет-ретімен қазіргі ахуалды баяндайық. Трасса жалпы 400 шақырым. Оның 192-сі Қызылорда облысының аумағын алып жатыр. Біздегі 5 лоттың үшеуінде жұмыс еңсерілді. Жолдың біраз бөлігі көлік қозғалысы үшін ашылды. Екеуінде жұмыс қызып жатыр. Тіпті екі ауысыммен жасауда. ЧЖАО ДАХАО – «ССЕСС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ /ҚЫТАЙ/ //Ең соңғы 50 шақырымды осы аптада бітіреміз. Жол белгілерін қою тамыз айының соңына реттеліп қалад. Уақыт тығыз. Тәулік бойы жұмыс жүруде. Екі ауысыммен істеп жатырмыз. Жұмыскерлердің жалақысы уақытылы төленіп жатыр. Өз басым Қазақстанда осындай үлкен жобаға үлес қосқаныма қуаныштымын. Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас нығая берсін!/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv Instagram - / qyzylordatv Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv