Боксшыларға ақша аямайды, дарынды балаға дым жоқ | Дәретханаң жоқ, бірақ Швеция болғың келеді
#Жұмаділдаев#Мәуіт#сұхбат#Ой-лайық Құрметті, оқырман! Білімді трендке айналдыруды көздейтін «Ой-лайық» ютуб каналына қош келдіңіздер! Арнамыздың алғашқы қонағы – әлемгі әйгілі академик, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев. Тізгінші «Зерделі» мектебінің негізін қалаушы – Ырысбек Мәуіт. Қоғам математиканы неге жатсынады, неге жек көреді? Жасанды интеллект бұл пәнді басып оза ма? Бала оқытудағы қазақтың кемшілігі қандай? Біз кімнен үлгі алуымыз керек? Сондай-ақ ашық әңгіме кезінде Назарбаев мектептері, «Болашақ» бағдарламасы, елдегі білім саласының жай-күйі,ұлт болашағы жайлы мәселелер қозғалды. Асқар Жұмаділдаев ата-аналар мен оқушыларға бірнеше құнды кеңесін де айтты. Ендеше, қос математиктің сұхбатын бірге көрейік. Ой-лайық арнасына жазылыңыз! 00:00 Анонс 00:38 «Ой-лайықтың» бірінші сұхбаты мен алғашқы қонағы 01:42 Өмірде косинустың не қажеті бар дейтіндер кездеседі 02:08 Адамдардың 99% математиканы иттің етінен жек көреді 03:10 Қазаққа ұнамайтын нәрсе көп 04:33 Математика ғылымы қай кезеңде дәуірледі? 05:46 Жасанды интеллект математиканы далада қалдыра ма? Жұмаділдаевтың жауабы 07:39 Жасанды интеллект баяғы Ефрит пен Архимедтің заманынан келе жатқан нәрсе 08:04 Палау үшін алдымен ет, сәбіз, күріш керек. Ал, математикада... 09:55 Математиканы оқытудағы Қазақстан мен Сингапурдың әдісі 12:30 Мен математиканы мүлдем басқаша оқытар едім – Жұмаділдаев 14:46 Қазақ пен ағылшынның бала оқытудағы айырмашылығы 16:02 Қазақтың әуелі ойлау жүйесін қалыптастыру керек 16:38 Сіз ренжімеңіз, қазақ тілі – бай тіл. Бірақ... 17:58 Назарбаев саясаттың гроссмейстері – Жұмаділдаев 19:40 Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин. Қытай саясатының ерекшелігі 21:23 Мысық ақ па, қара ма – бәрібір. Тышқан ауласа болды 23:14 Миллиардтар жұмсалған «Рухани жаңғыру» елді жаңғыртпады. Себебі логика жоқ... 24:01 Қазаққа қажет 3 қасиет - Жұмаділдаев 26:18 «Болашақ» пен Назарбаев мектептері. Тәуелсіздік жылдарындағы ең сәтті жобалардың бірі болды – Ырысбек Мәуіт 30:52 Қазақтың ең үлкен кемшілігі... 31:37 «Болашақ» бағдарламасын ашып, жастарды шетелге жіберейік деп Назарбаевқа мен айттым – Жұмаділдаев 34:39 «НИШ» пен «Болашақ» жабылмауы керек 36:24 Қазіргі заманның қаһарманы коррупционерлер емес, қарапайым еңбек адамдары болуы тиіс 37:14 Қазақ кімнен үлгі алуы керек? 39:10 Еврейлердің ерекше қасиеті 40:19 Финляндияда мұғалімдердің жеке көмекшісі бар 41:28 Дәретханаң жоқ бола тұра, Швециядағыдай мектеп ашам деу фантастика емес пе – Жұмаділдаев 47:49 «Зерделі» оқу орталығы мен авторлық олимпиадалары – Ырысбек Мәуіт 50:22 Менде ұялы телефон жоқ, «в чем проблема?» – Жұмаділдаев 53:53 Телефон ұстап жүргендердің бәрі – юзерлер! 54:18 Қазақ еліне технократттар керек! 54:52 Мен тек Абай Құнанбаевты мойындаймын – Жұмаділдаев 55:38 Баламды телефонның шырмауынан қалай құтқарамын деп көмек сұрайтын ата-ана көп – Ырысбек Мәуіт 57:49 Өлең шығару үшін де математика керек 1:00:19 Ауылдағы балалар онлайнға үйреніп, терең білім алуға көшті – Ырысбек Мәуіт 01:01:40 Қазақтың тойы 50 минутта аяқталуы тиіс 01:03:25 Әлемде кредит алып, той жасайтын ел жоқ 01:05:17 Тойға ақша құртқанша, оны балаңның біліміне жұмса 01:05:29 Біреудің тұмсығын бұзса, ақшаны үйіп төгеді. Ал, дарынды балаға велосипед те бермейді 01:06:11 Сыйлықты бере беруге болмайды, оны «халява» деп түсінеді 01:09:13 Асқар Жұмаділдаевтың жеке журналы жайында 01:11:47 «Ой-лайық» арнасына тілек 01:11:53 Қоштасу. Білімді трендке айналдырайық!
Смотрите также


