Шекарасыз саяхат – әлем тәжірибесі
Халықаралық туризм – экономикалық өсімді арттырудың негізгі тетіктерінің бірі. Әлем елдері сырттан келетін туристер ағынын күшейтудің түрлі жолын іздеп келеді. Алайда COVID-19 пандемиясы бұл саланы бұрын-соңды болмаған дағдарысқа ұшыратты: халықаралық сапарлар күрт азайып, индустрия күйзеліске түсті. БҰҰ дерегінше, 2020 жылы халықаралық туристер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 73 пайызға төмендеген. Осы құлдыраудан кейін әлем елдері туризмді қалпына келтірудің жаңа жолдарын іздеді. Індет бәсеңдеген соң, визалық шектеулерді жеңілдету халықаралық туризмді жандандырудың басты құралына айналды. Визасыз режим шетелдіктердің өмірін қалай жеңілдетті, ал нені қиындатты? #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24