G
enby!

Шымкентте банан өседі дегенге сенесіз бе?

Еліміздің оңтүстігінде арнайы жылыжай жағдайында банан өсіріледі. Тропикалық жемісті тек шетелден әкелеміз деп ойлайтын көпшілік үшін бұл жаңалық, әрине, таңсық. Жақында, «EL.kz» порталының қолдауымен «Біздің Brand» шығармашылық тобы осы Шымкенттегі «Banan bau» алқабына барып қайтты. Аумағы бес гектарға жететін бұл жылыжай Түркиямен бірлескен жоба негізінде қолға алынған. Өз кезегінде мемлекет те тропикалық жемістерді қазақстандық климатқа бейімдеп, отандық өндірісті арттыруға күш салып отыр. Мәселен, кәсіпкерлер үшін жылыжай салуға және құрал-жабдық алуға жеңілдетілген несие мен субсидия, электр энергиясы мен суға жеңілдіктер қарастырылған. Осындай қолдаулардың арқасында отандық шаруашылықтар тек көкөніс пен жеміс емес, тропикалық өнімдерге де бет бұрып отыр. «Біздің Brand» шығармашылық тобы алқапты аралап, бананның өсу кезеңдерімен, күтімімен және жеміс беру ерекшеліктерімен танысты. Толығырақ, бүгінгі шығарылымнан көріңіз! _____________________________________ El.kz Ақпараттық-танымдық портал Ресми сайттың сілтемесі: https://el.kz/
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: Instagram -   / el.kz   Facebook -   / wwwelkz   Telegram - https://web.telegram.org/k/#@elkz_portal
#elkz #қазақстанжаңалықтары #новостиказахстана ##

Смотрите также