Сұлтанмахмұт Торайғыров. Қамар сұлу
Оқырман: Әйгерім Жанатқызы XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. «Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор: Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай? – деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде: Еріткен іші-баурыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, Бойының мінсіздігі оның асып. Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған. Қамар мен Ахмет Ахметтің Қамарға бірінші жазған хатында: ...Амалсыз арды түйіп қалам алдым, Кеткен соң ғашық оты бойымды алып... ...Шығаршы жүректегі шын сырыңды, Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей. деген өлең жолдарында С.Торайғыров Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған. Талпынып, қол сермедім ұшқан құсқа, Болса да жетер ме деп қолым қысқа Негізінен «Қамар сұлу» романынды қазақ салт-дәстүрлері сынға алынған. Ең көрнекті көрсетілген мәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ал жоғарыдағы келтірілген шумақта кедей Ахметтің байдың қызы Қамарға «қолы қысқа болса да, ұшқан құсқа қол сермеуі» деп мәселенің түп-төркінің дөп басқан. Ұшқан құс, қысқа қол эпитеттеттерін қолдана отырып сол кездердегі әлеуметтік –теңсіздік мәселесінің қозғалғанын байқаймыз.