Дәмер Қалқаев: Міржақып Дулатұлы 140 жыл мерекесіндегі мәдени іс-шаралар жайында
Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев «Өмір ағымы» бағдарламасында қонақта болып, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аясында өткен мәдени іс-шаралардың барысы жайында әңгімелеп берді. Торғайда өткен әр мәдени іс-шаралар халықтың көңілінен шығып, зор ықыласына бөленді. Бағдарлама барысында Дәмер Қалқаев атқарылған іс-шаралардың барлығы жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.