Көш. Жылқыны жайлауға көшірдік!!! VLOG#1
Ассалаумағалейкум! Менің есімім Таухан Фархад. Мен өзімді режиссер, монтаж режиссері немесе жалпақ тілде контентмейкер деп таныстырамын. Енді осы кино-тв саласында жүргеніме 10 жылдан астам уақыт болдығой. Қош! Мен бүгін өте қатты қуанып тұрмын өйткені 2022 жылы менің жоспарлаған тағы бір ісім іске асып жатыр. Ол осы ютуб платформасында өз влогымды жүргізу. Шыны керек 10 жыл ішінде еліміздің бүкіл телеарналарымен жұмыс жасадым. Шүкір. Бірақ тек тапсырыспен қолыма камера ұстап жүріп өз шығармашылығымды көп кейін шегердім. Енді сол олқылықты түзеп жатырмын. Жыл басында 3 жыл жоспарлаған ісімді қолға алып «қызық па?» ютуб арнамды ашып ол жерде өзіме ұнаған форматта, өзіме ұнаған тақырыпта контент жасауды бастадым. Шүкір. Егер сіздерге қиын болмаса осы арнаға және сол «қызы па?» ютуб арнама жазылып қойыңыздар! Ал енді осы арнада шығатын влогқа келейік, бұл жерде сіздер менің қатысуыммен өмірге келген документалды фильмдерді көре аласыздар және өзімнің жеке өмірімнен сыр шертетін контенттер жүктеледі. Бәрі қазақша! Олай болса кеттік! Бірінші влог! ИНСТАГАРМ: https://instagram.com/tauhanfarhad?ut...