Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: "Қарағанды полициясы үш жігітті құрбан етуде" - ЖАНАЙҚАЙ
Жаңаарқа ауданында қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың ісіне қатысты атышулы сот процесі қайта жалғасатын болды. Осы орайда «қастандық жасады» деген күдікке ілінген Азамат Букенаевтың әпкесі күдікті үшеудің жай ғана «қалталылар ойынының» құрбаны болғанын жеткізіп, белсендіні қасақана өлтіргендер бостандықта тайраңдап жүргенін айтып ашынды. Букенаевтың адвокаты болса, Бақтыбаевтың өліміне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың қатысы болуы мүмкін деп отыр. Дегенмен, шағымданушылар Қарағанды облысының полициясы, прокуратурасы, соты қаншама дәлелге көз жұма қарап, күдіктілерді рухани «азаптаумен», уақыт өткізумен ғана айналысып жатқанын айтады. Тайм-код: 00:00 Басы 3:20 Соттағы әділетсіздік 3:24 Ғалы Бақтыбаевты кім атып кетті? 4:27 Сотта жеңіп шыққанмен үйінде атып кетті 4:45 11 миллион теңге пара ұсынған 6:45 Соттасқан компанияның иесі – Кәрім Мәсімов 14:27 Мылтықты полиция қызметкері жасырған 15:30 Полицияның үстінен іс қозғамай отыр 17:00 Оқ атылмаған 23:10 Қарағанды облысы сотының былығы 24:43 Полиция жігіттерді азаптаған 31:38 Інімді азаптағаны сонша, әлі көгерген іздері тұр 36:15 25 жылға түрмеге отырғызбақшы 36:56 Поиция өздерінің былығын жасыру үшін жігіттерді соттамақшы 41:40 Әділетті Қазақстанды көріп тұрған жоқпын Толығырақ сілтемеде: https://halyq-uni.kz/tv/11933-belsend...