КТК: Қазақстан жаңалықтары 25.08.2025
Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: / aigerimaskarkyzy_ktk ) АВТОБУС АПАТЫ Астанада жұмысшылар мінген автобус аударылды. Зардап шеккен 15 адам - Қытай азаматтары. КУРОРТАҒЫ ДАУЫЛ Демалыстың шырқы бұзылды. Күшті дауыл екі мыңдай қазақстандық демалып жатқан Хайнань аралының астаң-кестеңін шығарған. АВТОСАЛОН АЛДАДЫ Атыраулықтар мінілген көліктерді сатумен айналысатын автосалонға сеніп, жаяу қалды. Сатуға қойып кеткен темір тұлпарлары өзге облыстардан табылып жатыр. ҚАУІПТІ ОЙЫН Роблокс ойнайтын жасөспірімдер қаскөйлердің шырмауына түсіп жатыр. Онлайн платформадағы ойыншылардың арасында педофилдер де бар деп құзырлы орган ескертті. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары