G
enby!

Жүсіпбек Қорғасбек: «Қайта өмір сүруге мүмкіндік сұрар ем»

00:19 Өмір өзеннің бастауы қайда? 00:34 Өлең деген не? 03:30 Алдыңғы буын мен кейінгі буын – әке мен бала арасындағы жағдайда кімді кінәлайсыз? 06:08 Өзіңіз көзін көрген ұлылардан не үйрендіңіз? 08:21 Муза деген не? 09:22 Сіз жиі қайталап оқитын кітап? 11:37 Көзіңізге жиі жас аласыз ба? 12:19 Әлем әдебиеті классикасында "Мынау менмін!" дейтін кейіпкер бар ма? 13:21 Адамның жақсы, жаманы бола ма? 14:42 Құдайдың алдына барғанда не айтар едіңіз? 16:00 Бір сөзбен Сіз кімсіз? АЙНА жобасының бүгінгі қонағы жазушы, «Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері – Жүсіпбек Қорғасбек. «Бір сөзбен, сіз кімсіз?» деген дәстүрлі сұраққа «Мен – жазушымын. Ісім де, сөзім де» – деп жауап берген Жүсіпбек ағаның әңгімесі сізді әдебиет әлеміне елітіп әкетеді. Мұнда тәңір, өмір, ұрпақ сабақтастығы, поэзия, муза туралы толғамдармен қоса, Оралхан Бөкей сынды саңлақтар хақындағы әдемі естеліктер де айтылады. Ал, осындай алпауыттардың қасында жүру құрметіне ие болған жазушының өмірді қайта сүруге неліктен мүмкіндік алғысы келетінін оның жан әлеміне өзіңіз бойлау арқылы ұғынып көріңіз. Идея авторы: Ернар Алмабек, Айымгүл Галиева Продюсер: Ербол Молдажанов Редактор: Айымгүл Галиева Қоюшы оператор: Ернар Алмабек Оператор: Томирис Есқали, Айымгүл Галиева Режиссер және бейнеинженер: Ернар Алмабек Massaget порталын оқи жүріңіз: https://massaget.kz
Instagram -   / massaget.kz   Telegram - https://t.me/massaget_kz
Facebook -   / massaget.kaz   Vkontakte - https://vk.com/massagetkz

Смотрите также