G
enby!

Нәрестелер 500 мың теңгеге сатылған: жыл басынан бері 19 қылмыстық іс қозғалды

Елімізде жаңа туған сәбилерді сату деректері көбейіп барады. Жыл басынан бері осындай 19 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің, Адам саудасымен күрес басқармасы басшысының орынбасары Шынар Күшербаева айтты. Оның сөзінше, мұндай оқиғалар, еліміздің барлық өңірлерінде тіркеліп отыр. Көбіне қылмыс, балалы бола алмай жүрген және баладан бас тартқысы келетін отбасылар арасында туындайды. Осы екі ортаны табыстырып, ақша табатын делдалдар да көп болып тұр. Кейбір аналар қаржылай қиындықтар кесірінен, осындай заң бұзушылыққа баратын көрінеді. Министрліктің мәліметінше, бала саудасы ел ішінде жүргізілген. Шетелге сатылғаны жоқ. Бір баланың бағасы 500 мың теңгеден басталып, 1 жарым миллион теңгеге дейін барады. Жалпы жыл басынан бері, Қазақстанда адам саудасына қатысты барлығы 141 іс тіркелген. Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram -   / atameken.business   Instagram -   / inbusinesskz   Facebook -   / atamekentv.kz   Facebook -   / inbusiness.kz   Tik-Tok -   / atamekenbusiness   «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #новостиказахстана #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости

Смотрите также