САРАЙШЫҚТЫҢ СЫРЛЫ ТАРИХЫ!
2025 жылғы археологиялық маусымда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-зерттеу тобы ортағасырлық Сарайшық қалашығында көне ғимараттар мен көрханалар, Алтын Орда дәуіріне жататын монеталар, қыш ыдыстар, су құбырлары мен әшекей бұйымдар тапты. Араб жазуы бар күміс жүзік пен бұрын-соңды кездеспеген ірі тұғыр сынығы — ерекше олжалар қатарынан. Бұл жәдігерлер әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Қазба жұмыстары келесі жылы жалғасады деп жоспарланып отыр. Ежелгі қаланың қатпарлы қабаттарынан табылған әрбір жәдігер — тарихымыздың жаңа беттері. #Сарайшық #Археология2025 #АлтынОрда #МәдениМұра #Атырау