Қазақша ертегілер. Ұлулар айласы.🐌🐌🐌
Қазақша ертегілер. Ұлулар айласы.🐌🐌🐌 авторы: Әдина Әбдібайқызы Ертеде ұлулардың өмір сүруі өте қиындап кеткен екен. Оларды өздерінен үлкен тауықтар, құстарда ұстап жеп кете береді екен. Бір күні ұлулар арасынан біреуі айла тауып, барлық жерге ұлулар патшасының өмірге келгенін жария етеді. Ол жер астында айдаһар сияқты өте алып болып өсіп келе жатқанын, егерде кімде-кім ұлуларға тиісетін болса, аямайтынын жария етеді. Мұны естіген барлық жердегілер қорқып ұлуларды жеулерін тоқтатады. Көздері ашылған ұлулар қалаған жерлерінде өмір сүріп, көбейе бастайды. Мұны көрген қыран аспаннан ұйытқып келіп жерге қонып, ұлулардың айдаһар патшаларымен кездесуін сұрайды. Жоқ патшаларын көрсете алмаған ұлулар, қайта құстар мен тауықтарға жем болыпты. @ertegileralemi1 арнаға тіркеліп, күнделікті шығатын қызықты ертегілер жиынтығын жіберіп алмаңыздар 👍❤❤❤ Бұл арнада балалардың ой-өрісін дамытуға бағытталған, сөйлеу қабілетін арттыруға арналған, тәрбиелік мәні зор қазақша ертегі-аудиокітап топтамасын таба аласыз. Қазіргі заманда ұялы телефон денсаулыққа зиян болғанымен, оны қарамай отырмайды, сондықтан пайдалы жағынан, ақыл-саналарын дамытудың бірден бір жолы аудио-ертегі тыңдатып қалыптастыру жолы сіздерге ұсынылады.