1169 баспана | 5 баланың әкесі | Харекет қайырымдылық қоры
"Харекет" қорының "Еңбекке құрмет" жобасы аясында 1169-баспанасы Атырау қаласының тұрғыны, 5 баланың әкесі Жұмакелді мырзаның отбасына бұйырды! Жұмакелді мырза отбасымен бірге үй жалдап тұрады. 10 жылдан астам уақыт мектепте жұмысшы болып қызмет атқарады. Мектептің іші, ауласындағы барлық жұмыс осы кісінің құзырында. Адал еңбегінің арқасында Жұмакелді мырза үйлі болды. Мектеп басшысы: "Харекет" қайырымдылық қорына рахмет. Жұмакелді ағамыз біздің мектепте 10 жылдам астам уақыт жұмыс жасайды. Бүгін үлкен мүмкіндік, үлкен сый жасалып отыр. Өте қуаныштымыз. Жұмакелді аға, құтты болсын! - деп тілегін білдіре отырып, "Харекет" қайырымдылық қорына да алғыс білдірді: "Істеріңіз оң болсын, алға жылжи берсін! Ұжым атынан көп рахмет"! Инстаграм: / xareket_qory_official Реквизиты:
Смотрите также
