Балалардың бейәдеп әрекетін жасырмақ болған мектеп-интернатының басшысы жазаға тартыла ма?
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Таразда оқушылар арасындағы жанжалды жасырмақ болған мектеп-интернатының басшысы жазаға тартылуы мүмкін. Себебі, директор дәретхана ішіндегі ұл-қыздардың арсыз әрекеті бойынша ішкі тексеріс жүргізіп, қорытынды шығарып қойыпты. Соған сәйкес, зорлық белгісі жоқ екен. Бірақ жергілікті омбудсмен бір топ баланың қатарлас қызды әжетхана ішіне сүйреп кіргізіп, шалбарын шешкені сорақы жағдай деп отыр. Қазір білім басқармасы мән-жайды анықтауға кірісті. Бақылау камерасына түскен балалардың бейәдеп әрекеті әлеуметтік желіге таралып кетті. Жатып оқитын мектеп интернатының 1-2 сынып оқушылары қызды қаумалап құлатып, дәретхана ішіне сүйреп кіргізген. Есік ашылған сәтте жәбірленуші шалбарын киіп қашады. Бірақ бұл жағдайдан не білім басқармасы не полиция департаменті бейхабар болып шықты. ДӘУРЕН БАҒЖАНОВ, Жамбыл облысы бала құқықтары жөніндегі уәкілі: Іс әлеуметтік желіге шыққан соң ғана белгілі болды. Кішкентай қызбен білім басқармасы жанындағы психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істеді. Қазір ол оқушы Тараз қаласындағы басқа мектепке ауыстырылды. Бұл жағдайды жасырып келген директор жауапқа тартылуы тиіс. Ал, оқу орнының басшысы жайсыз жағдайды жылы жауып, жазадан жалтару ойымда болмады дейді. Ешқайда жарияламауға ата-аналардың өтініші себеп деп ақталды. Өйткені, кішкентай қыздың жақындары ешқайда тіс жармауды сұраған көрінеді. Осылайша өз беттерінше тексеріс жүргізіп, зорлық белгісі болмаған, оқушылардың жай ойыны деген қорытынды шығарыпты. ГҮЛЗИРА ТОЙШЫМАНОВА, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының директоры: Жоқ зорлық белгісі болмаған. Ата-аналардың өз өтініштері негізінде претензиямыз жоқ деп айтылғандықтан, келіп ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Түсіндірілді. Ол кезде тәртіптік шара қолданылды. НҰРАДИН РАҚАЙ, тілші: Қазір білім басқармасы мән-жайды анықтау үшін қайтадан жұмыс тобын құрды. Ал полиция департаменті бұл оқиға бойынша ешқандай арыз-шағым түспегенін айтады. Дегенмен істі дер кезінде айтпағаны үшін директорға жаза тағайындауға ұсыныс білдіріпті. Не шешілері тексерістен соң белгілі болмақ. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық