"Дос Болайық". Бағдарламаның қатысушысы: Аружан Қасымхан.
Біздің бағдарламада бәрі бар: ән де, би де, көтеріңкі көңіл-күй де! Ендеше сіздерді көп күттірмей бастайық! Бүгінгі бағдарламамыздың басты кейіпкері – Аружан есімді балақай. Айналасындағы жандарға үнемі шабыт беріп, таң қалдырып жүретін ару қыз өмірге деген құштарлығымен сіздерге де ерекше әсер қалдырады деп ойлаймын. Олай болса, арманшыл бүлдіршіннің өміріне көз жүгіртейік.