Жаңақорған кенті
Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Мемлекет басшысы алғашқы тәжірибенің тиімді жақтарын ескере отырып, жас кадрлар резервіне қатысты бастаманы жалғастыру туралы шешім қабылдағаны белгілі. Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы Жаңақорған ауданы әкімдігімен әзірленген бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз Осы орайда, жобаға қатысуға құжат қабылдау жүріп жатқанын айта кету керек. Жобаға 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді меңгерген әрбір жас азамат қатыса алады. Ел ертеңі үшін қызмет етем деген жастарды осы жобаға қатысуға шақырамыз! #Президенттіккадрлықрезерві #Жаңақорған