КҮЗЕТШІНІҢ ӨЛІМІ: КҮДІКТІ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛА МА? / KOREMIZ
КҮЗЕТШІНІ ТАПТАП ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ТҮРМЕДЕ ЕМЕС, ЖЫНДЫХАНАДА ЖАТЫР! 29 наурыз күні Алматыда жантүршігерлік қанды қылмыс тіркелді. Қаладағы элиталы тұрғын үйінің күзетшісін 45 жастағы ер адам бірнеше рет көлігімен қағып, артынша аяусыз тепкілеген. Нәтижесінде күзетші ауыр жағдайда ауруханада қайтыс болды. Сұмдық жағдайдың орын алғанына бес айға жуық уақыт өтті. Десе де марқұмның туыстары күдіктіге тағайындалған сот сараптамасына күмәнмен қарайды. Марқұм Нұрбол Қайпбаевты азаптап өлтірген ер адам темірторға тоғытылмай ма? Медициналық ем алуға жатқызылған күдіктінің расымен психикалық ауытқушылығы бар ма? Соңғы сот сараптамасы қандай тұжырым шығарды? Бүгін, Еуразия бірінші арнасынан, 19:00-де Көреміз! Осы видеоның астында қарғыс айту, жарнама немесе спам пікірлерді автоматты түрде өшіреміз. Өкінішке қарай, бізде пікірлерді жергілікті уақыт режимінде сұрыптау мүмкіндігі жоқ, сондықтан сіздің пікіріңіз біраз уақыттан кейін өшірілуі мүмкін. Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рақмет! ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ📌 Телеграм парақшамыз: https://t.me/koremiz_1tvkz
Тик ток парақшамыз: / koremiz_1tvkz. . Инстаграм парақшамыз: https://instagram.com/koremiz_1tvkz?i...
WhatsAPP: +77053330803
Смотрите также
