ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ l ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫ
Бір оқып, кейін ұмытылмайтын шығарма көп емес. Уақыт өте бәрі де көмескіленеді. Бірақ Жұмабай Шаштайұлының “Құралайдың салқыны” повесін ол қатарға қоспас едім. Қарабайыр бір шаңырақтағы үш адамның, бала мен ана, әйел мен күйеу, ене мен келіннің қарым-қатынасын сұңғылалық деңгейде суреттеген жазушыға қайранмын. Сіз де тыңдап, пікір білдіріңіз. Коверде Василий Верещагиннің "Шу өзені жағасындағы киіз үй" суреті.