Алла елшісінің (с.ғ.с.) денесін жуындырған сахабалар! / Тілекқабыл ұстаз
Қостанай облыстық мешітінің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: / mechet_kost. . / qostanay.obl. . Алла елшісін жақсы көру – мұсылманның иманының кемелдігінің көрінісі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ахзаб» сүресінің 6-аятында: «Мүминдер үшін Пайғамбар өз жандарынан да артық», – деп айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мені әкесінен, баласынан және бүкіл адамдардан артық жақсы көрмейінше, кәміл иман келтірген болып саналмайды», – деген.