Қарахан мемлекеті де екіге бөлініп құриды. #тарих
Жергiлiктi билiк далалық аудандардағы елшi басшы, яғни ел басы, тағы сондай ел басшылары көшпелi қауымдастықтардың әскери-потестардағы билеушiлер болды. Ал отырықшы аймақтардағы билiк ауылдық және қалалық басшылар — хакiмдер мен мехтарлардың және райс-старостарлардың қолында едi. ХII ғасырдың алғашқы жартысында Жетiсу территориясы қара қытайлардың басқаруына көштi. Олар моңғолдан тараған халықтарға жататын. Соған қарамай мемлекеттiк басқару жүйесiнде үлкен өзгерiстер бола қойған жоқ. Қара қытайлардың жоғарғы билеушiсi Гурхан деп аталды. Елхандар, тегiндер және жергiлiктi билеушiлер өздерiнiң билiктерiн сақтап қалды. Қарахан мемлекетiнiң әкiмшiлiк жүйесi удельдiк жүйелер басшылығымен айқындалатын. Ол қарлұқтардан мұра боп қалған едi. Мемлекет екi иелiкке бөлiндi. Оның шығысы Жетiсу және Шығыс Түркiстан территориясын алып жатты. Орталығы Баласағұнға жақын Орда (Күз-Орду, Қара-Орду) болды. Ал батыс иелiгi болса Сырдария мен Амудария өзендерiнiң территориясын жайлап, оның орталығы Үзгент, кейiн Самархан болды. Өзара қырқыстардан кейiн 1040 жылы аталған мемлекет күйреп, шығыс және батыс қағанаты құрылды. Олар бiр-бiрiне тәуелсiз едi. #тарих #жетісу #қазақстан • Қарақытай немесе қидандар. #жетісу #тарих