G
enby!

Қалада жоқ кандидат, жабық штаб, тым-тырыс тыныштық: Семейде әкім сайлауы қалай өтті?

Қалада жоқ кандидат, жабық штаб, тым-тырыс тыныштық: Семейде әкім сайлауы қалай өтті? 12 қазанда Семей қаласының әкімін бірінші рет тікелей халық сайлады. «Билік саяси реформаға балаған» сайлау қалай өтті? Осы тұста Ulysmedia түсірілім тобы Абай облысының орталығына барды. Қалада сайлау дүбірі сезілмейді. Кейбір көшелердің бойында «Өз таңдауыңды жаса» деп, халықты сайлауға келуге үндеген баннерлер мен іріктеуден өткен үміткердің сайлау алды бағдарламасы жазылған плакаттар ілінген. Біз тілдескен Семей тұрғындарының басым көпшілігі кандидаттарды мүлде танымайтынын айтты. Кейбірі сайлауға бармаймын десе, енді бірі кімге дауыс беретінін білмесе де, сайлауға барған. 14 қазанда аймақтық сайлау комиссиясы Әділет Қожанбаевтың әкім болып сайланғанын хабарлады.

Смотрите также