Достық үйінде мектеп оқушылары арасында этноинтеллектуалды ойын өтті
«Болашаққа - біліммен». Осындай атаумен Достық үйінде мектеп оқушылары арасында этноинтеллектуалды ойын өтті. Аталған шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жалпы мақсаты – жас ұрпақ арасында этносаралық татулықты, мәдени әртүрлілікке құрметті, білімге деген қызығушылықты арттыру.