Енді тұрғындар мәселесін шешу үшін мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмайды
Енді тұрғындар мәселесін шешу үшін мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмайды. Бостандық ауданында бүгін «AMAНAT» партиясымен бірлесіп мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Шараға заңгерлер, дәрігерлер, полиция, мәслихат депутаттары және Мансап орталығының мамандары қатысты. Келушілер шешілмей жүрген мәселелері бойынша тегін кеңес алып, мұң-мұқтаждарын ашық түрде жеткізді.