G
enby!

🔹ШАРШАҒАН АДАМ ОСЫ УАҒЫЗДЫ ТЫҢДАСЫН🔹

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемнің иесі Аллаға тән. Күллі әлемге қамқор әрі ескертуші ретінде жіберілген әлемнің ең соңғы Пайғамбары Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!   Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Асылында бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген жетістікке қол жеткізудің сырлы кілті. Жалпы, сабырлық (صَبْرٌ – сабр) сөзінің тілдік мағынасы «шыдамдылық ету» дегенге келеді. Шариғаттағы мағынасы  Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету. Алла  Тағала Құранда мұсылмандарға тән сипатының бірі – сабырлық деген.  Сабырлы болу адам бойындағы ең бір ізгі тамаша қасиеттердің бірі. Ұлы Абай атамыз: өзінің толғамында: ...Сабырсыз, арсыз, ерінішек... деп сабырсыздықты сынайды.       Сабырсыздықты еріншектік пен арсыздықтың деңгейіндегі жаман әдеттің біріне балайды. Халқымыз «Сабыр түбі-сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа» деп сабырға байланысты нақылдар қалдырған. Бабаларымыз сонымен қатар «Асықпаған арбамен қоян алар»  деген аталы сөзінің өзі сабырлы болуға, әр нәрсенің ақырын күтуге шақырғандығының белгісі. Бұл өмірде үлкенді-кішілі қиыншылық­қа ұшырап, басына іс түспеген адамды табу қиын. Міне, осындай сәттерде кейбір мұсыл­ман бауырларымыздың тағдырға қарсы шықпаса да сабырсыздық танытып, қате­лікке ұрынуы – қайғы үстіне қайғы жа­майды. Қайсыбір пенделер ауыртпалыққа түсіністікпен қарсы тұрудың орнына: «Ей, Алла, мен саған не жаздым…» деп Жарату­шының үстінен шағым айтып, тіл тигізіп жататындығын да көріп, біліп жүрміз. Алайда, мұның белгілі бір дәрежедегі Алла тағаланың сынағы екенін ұғына бермейміз. Әрбір сәтсіздікті Ұлы Жаратушының сынағы деп қабылдап, оған сабырмен, төзіммен қарауымыз керек. Қиындықтар кездессе оған сабыр ету  - болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдауымыз қажет. Қазақтың «Әрбір істің қайыры бар» деген сөздері осындайда еріксіз еске түседі. Бұл жайында Құран Кәрімнің «Әли Имран» сүресінің 146-аятында: وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلصَّابِرِينَ «Алла сабыр етушілерді сүйеді», - делінсе, «Нахл» сүресінің 96-аятында: وَلَنَجْزِيَنَّ ٱلَّذِينَ صَبَرُوۤاْ أَجْرَهُمْ بِأَحْسَنِ مَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ «Расында, сабыр еткендерге жасаған амалдарынан да жақсы сый береміз», - деп айтылады. Қасиетті Құран Кәрімде сабырлылықтың хикметі туралы жетпіске жуық аят бар. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 153-аятында: يَآأَيُّهَا ٱلَّذِينَ آمَنُواْ ٱسْتَعِينُواْ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلٰوةِ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّابِرِينَ   «Ей, иман келтіргендер, сабыр және намазбен көмек сұраңдар. Күмәнсіз Алла сабырлық қылушылармен бірге», – деп бұйырады. Бұл туралы Хақ Елшісі ﷺ бір хадис-шарифінде: ما مِن مُصِيبَةٍ تُصِيبُ الْمُسْلِمَ إلَّا كَفَّرَ اللَّهُ بِها عَنْهُ ، حَتَّى الشَّوْكَةِ يُشاكُها «Табаныңа шөңге кіргенде, Алланың разылығы үшін қаншалықты сабырлық таныта алсаң, саған соншалықты сауап (каффарат) жазылады», – дейді. (Бұхари хадистер жинағы) Яғни, адам жаны күйзеліске ұшыраған сәтте, байбалам салмай, Алланың разылығы үшін барынша байыптылық таныта білсе, одан асқан рухани бай адам жоқ. Себебі, барлық істің нәтижелі немесе нәтижесіз аяқталуы Ұлы Жаратушының құзырындағы іс. Атақты ғұлама Ибн Кәсир осы аяттың түйінін былайша тарқатады:           «Алла Тағала бізге шүкіршілік жасаумен бірге сабырлы болуды да бұйырып, сабыр мен намаз арқылы көмек сұраудың жолын көрсеткен. Алланың құлы бір жақсылық көрсе, шүкіршілік қылып, ал, қиын жағдайға тап болса, оған сабыр етуі тиіс. Алла Елшісі ﷺ бір хадис-шарифінде:  «Мұсылман адам не көрсе де әрдайым қанағат етеді. Себебі, Алланың көрсеткенінің бәрін қайырлы деп түсінеді. Егер жақсылық көрсе, шүкіршілік жасап, оны Алланың жасаған иһсаны (жақсылық) деп есептейді. Ал, тауқыметке тап болса, сабыр етіп, оны да өзінің мүддесі үшін қайырлы деп біледі. Ауыртпалыққа қарсы сабырлық танытып, намаз оқып Алладан жәрдем сұрайды. Сондықтан да Алла Тағала «сабыр және намаз оқу арқылы көмек сұраңдар», – деп бұйырған, - дейді. Шын мәнінде, сабырлы болу деген өз намысыңды қорғай алмайтын ынжық болу деген сөз емес. Сабырлылық тек терең ойлауға, байсалдылыққа бастайтын қасиет. Сабырлы болдым деп ар-намысыңда қорлауға төзуге болмайтындығын да ескеруіміз керек. Адам баласына тағдырдың жазуымен сан түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Тек соған сабыр етіп, келер күнге деген үміт пен сенімді жоғалтпай сабырмен қарау ләзім. Ислам тарихына көз жүгіртсек, Пайғамбарымыз ﷺ мұсылмандардың ең арқа сүйер тұлғасы болатын. Сахабалар қандай таршылыққа, қиыншылыққа немесе аштық халге келсе, алдымен Алла Елшісінің қасынан табылатын. Пайғамбар ﷺ олардың қиыншылықтарына материалдық һәм рухани қолдау көрсетіп, жеңілдетуге жәрдемдесетін. Демек, мұсылманның қиыншылықтағы ең үлкен қалқаны ол – сабыр екені сөзсіз. Толығырақ: https://www.muftyat.kz/kk/nasihat/zhu...

Смотрите также