Қызылордалық кәсіпкерлер күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін далада қалды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Қызылорда қаласында саябаққа жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін елуден астам кәсіпкер далада қалды. Ұзақ жылдан бері демалыс орнынан жалға жер алып, жұмыс істеп келген аттракцион, дәмхана иелерін әкімдіктегілер қайта кіргізбей қойған. Жұмыссыз қалдық деген бизнес өкілдері шенеуніктер әу баста берген уәдесінде тұрмады деп ашулы. Оның үстіне саябақ басшысы қазір сауда нүктелерін тек өзінің тума-туыстарына үлестіріп жатыр дейді. Бұған дейін қалалық саябақта кәсібін дөңгелетіп келген жандар бір сәтте жұмыссыздар қатарына қосылды. Кәсіпкерлердің айтуынша, шенеуніктер саябақтың жөндеу жұмыстары біткен соң орындарыңа қайта келесіңдер деп уәдені үйіп-төккен. Соған сенген бизнес өкілдері аттракцион, дүңгіршектерін жинап, үйлеріне алып кеткен. Алайда бір ай бұрын демалыс орны ашылғанда, басшылар сөздерінен тайқып, 50-ден аса кәсіпкер сан соғып қалдық деп күйінеді. АЙНҰР БАЙМАХАНОВА, кәсіпкер: -Менде кафе болған, и общественный туалет болған. Кафені де, туалетті де бұзып алып кеттім. Үйде мусор болып жатыр. Көпбалалы ананы қолдаймыз деп айтып жатыр. Қайда сол. Ешкім көмектесіп жатқан жоқ. Уәделерінде тұрмады. Ал, саябақ басшысы тұрақты жұмыстан айырылған бізді емес, өзінің туыстарына кәсіпкерлік нысандарды беріп жатыр дейді көпшілік. ИРИНА АДАДУРОВА: Бізді саябақтан қуып шыққандай болып отыр. Қаншама жыл еңбегіміз зая кетті. Не уәделерінде тұрмады. Алғашында көмек береміз деген еді. Ал жаңа сауда нүктелеріне директордың туыстары келіп жатқанын барлығы біледі. Ал саябақ әкімшілігінің өкілдері кәсіпкерлердің уәжін жоққа шығарды. Олар тамақтануға арналған дүңгіршектер аукцион арқылы жалға берілгенін жеткізді. НҰРЖАН АҚЫШЕВ, қызылорда қалалық мәдени және демалыс саябағының заңгері: -Заңда жоқ қой. Бұрынғы кәсіпкерлер қайта келіп отыру деген. Е-Қазына сайтына салды. Содан әрі қарай қарастырып, кім ұтады сол кісіге келіп отыра береді. Мемлекеттің аттракциондары болғандықтан, қазір парк аумағына жеке кәсіпкердің заттары кірмейді. Соның кесірінен қыруар қаржыға алған аттракциондар ауламызда тұрып, тоз-тозы шықты дейді кәсіпкерлер. Сондықтан олар шенеуніктерден көмек сұрап отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Смотрите также
