Қазақ жазушыларының болмысы – азаматтық қоғам принципіне қайшы
Бұл сұқбатта жас ақын, философ, аудармашы Тілек Рысбек Қаңтар көтерілісі мен одан кейінгі кезеңдегі қоғамның көңіл күйіне, биліктің әрекетіне баға береді. Әңгіме сарыны: «Алматыдағы Алатау театрының алдына жиналған қалың жұртпен сөйлесуге билік өкілдері келмеді», «Қаңтар кезіндегі ақпараттық вакум», Қаңтар кезінде жазушылардың көбі биліктің сөзін сөйледі», «Мұхтар Мағауин Қаңтар кезінде емес, мемлекеттік сыйлық мәселесіне келгенде үн қатты», «Қазақ халқы авторитеттерді жақсы көретініне көзім жетті».