G
enby!

Юра Кезеңінің Саябағы және Юра Кезеңінің Әлемі: Барлық бөлімдеріне қысқаша шолу | Кино шолу

Кино басында компания адамдары бір рапторды ұстап алып,өздерінің көліктегі телешкесіне кіргізбек болады.Ол динозавр кішкентай торда қамаулы еді.Содан жұмыскерлер енді телешкеге кіргізейін деп жатқанда,бір жұмыскер құлап кетіп,жаңағы рапторға жем болады.Артынан Дональд деген кісіні көреміз.Зерттеме жасап жатқан палеонтологтардың жеріне келеді.Джон Хамонд деген кәсіпкердің адамдары екен.Олардың барлығы жерді қазбалап сұйықтықта қатып қалған сары масаны тауып алады.Басқа жақта басты кейіпкеріміз палеонтолог Алан Грантты көреміз.Қасында көмекші болып Элли Сетлер жүр.Жердің астынан сүйектерді тауып алып,динозаврдың мүсінін келтіреді.Рапторға ұқсайтын динозаврдың формасын тауып алады.Маңайда бір бала,осы ма динозавр.Құс сияқты екен,қорқынышты емес дейді.Сонда Алан қасына жақындап,әлгі балаға динозаврдың қандай қорқынышты екенін айтады.Баланың түрі өзгеріп кетеді.Сәл болса да динозаврларға деген сыйластығың болсын дейді.Артынан Алан мен Элли кетіп бара жатқанда Элли оған,неге солай қорқыттың дейді.Алан болса балаларды ұнатпайтынын айтады.Бір кезде тікұшақ келіп қонады.Сөйтсе,бұл жерге әлгі кәсіпкер Джон Хамонд келіпті.Алан мен Эллидің өнерін біледі.Сол себепті Джон Хамонд екеуін өзінің паркіне шақырады.Бізде динозаврлар саябағы бар дейді. Әрине бас кезінде Алан мен Элли бас тартады.Өзімізде осында жұмыстар көп дейді.Сонда Джон Хамонд бұларға ақшалай көмектесетінін айтады. Сендердің мына зерттемелік жұмыстарыңа демеуші боламыз дейді.Алан мен Элли екеуі қуанып келіседі.Артынан бізге бір кейіпкерді көрсетеді.Ол жігіт Дэннис деген Хамондтың жұмыскерімен кездеседі.Бір жағынан ұлы да болып келеді.Әлгі келген бейтаныс Дотцан деген жігіт оған ақша әкеп береді.Алайда бізге эмбриондарды әкеп бересің деп бір ыдысты береді.Осының ішіне саласың деп қалады.Дэннис қатты қуанады.Басқа жақта тікұшақта Джон Хамонд,Алан мен Элли және Ян Малькольм отырады.Дональд та қасында отыр екен.Бәрі бір бірімен танысады.Сөйтіп бәрі орманның арасына келіп тікұшақпен қонады.Бірден арнайы көліктер келіп бұларды орталыққа алып кетеді.Жолда кетіп бара жатқанда,олар тоқтап қалады.Алан сонда Эллиге динозаврларды көрсетеді.Бүкіл жерде қолданылатын әйгілі мем ғой...Барлығы көліктен түсіп динозаврды тамашалайды. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов

Смотрите также