САРАПХАНАДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН: БІРЛІК, ТАРИХ, ЕЛДІК
Көктем мезгілі шуақты да шұғылалы мерекелерге толы.Бұл кезеңде табиғат жаңарып, айнала гүлденіп, халықтың көңіл-күйі көтеріліп, бірқатар маңызды мерекелер аталып өтіледі.Тыныс-тіршілігімізге нәр берген,ізгі көктем Наурыз айы алғыс айту күнімен басталып ұлыстың ұлы мейрамы Әз-Наурызбен жалғасады. Жалпы тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Сондықтан да Наурыз табиғат пен қоғамның, адам мен адамның, ел мен елдің ара-қатынасындағы тепе-теңдік заңын сақтайтын бастау бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын сән-салтанатты мәнді де сәнді және мағыналы мереке.Осынау айтулы көктемнің жайма шуақ күнінде көгілдір аспан астында Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Сарапхана елдімекенінде Ер-Қосай ата ұрпақтары алыс бен жақынның басын қосып, үлкен атаулы жиын өткізді. Бұл басқосу – ұрпақ сабақтастығын нығайтып, ата-баба дәстүрін дәріптеуге бағытталған игі шаралардың бірі болды.Әуелі жиналған жұрт Мәңгілік ел саябағындағы тарихы терең ескерткіштермен танысты. Бұл жердегі әрбір жәдігер қазақ халқының сан ғасырлық тағдырынан, ұлттың азаттық жолындағы күресінен сыр шертті.Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы, заң ғылымдарының докторы, Мемлекет және қоғам қайраткер-заңгері Бекет Тұрғараев, ата-бабаларымыздың ерлігі мен елдік жолындағы күресін ерекше атап өтіп, тарихи оқиғаларды терең таныстырып жүрді. Ол қатысушыларға Алаш қайраткерлерінің азаттық жолындағы күресі туралы айтып, олардың қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы рөлін түсіндірді. Алаш қозғалысының көшбасшылары –арыстарымыздың идеялары мен еңбектері қазақ елінің тәуелсіздікке ұмтылысындағы маңызды кезең болғанын атап өтті.
Смотрите также
