G
enby!

Біз шаншар салт-дәстүрі

Тараз локомотив жөндеу депосы ”Qazaq style” эстафетасын жалғастырып “Біз шаншар” салт-дәстүрінен көрініс ұсынады!🇰🇿 Салт бойынша, ауылдың үлкен ақсақалдары бір топ болып жиналып, бойжеткені бар үйге құдайы қонақ болып барады. Түс кезінде барған қонақтар қандай шаруамен келгенін айтпайды. Сондықтан да бұлайша келіп, үн-түнсіз, бұйымтайын айтпай кеткен қонақтан соң, үй иелері яғни отағасы мен анасы мұның сырын аңғарып, қонақтар отырған жерді, сырмақты қарай бастайды. Сырмаққа шаншылған бізді көріп, қайрағының жоғалғанын біледі. Бұл «ұл ержетті, қыз бой жетті, сізде сұлу қыз бар, бізде ержеткен азамат бар, қайрақты ұрлағаны құда болайық» деген белгі. Егер бойжеткені бар үй қызын беруге қарсы болса, бірден қайрағын сұратып, адам жібереді. Олар бір жеті ішінде қайрағын сұратпаса, жігіт жақ мұны келіскені деп түсініп, келіп құда түсіп, сырға салады. Бізден әдемі бейнеролик, Сіздерден лайк пен коммент🔥

Смотрите также