Жас әнші той үстінде қайын атасынан ауыр соққы алды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Түркістан облысында той үстінде жас әнші ауыр соққы алды. Келіншекті ұрып жыққан өзге емес бұрынғы қайын атасы болып шықты. Азода Тұрсынмұрадова дүйім жұрттың алдында жұдырық ала жүгірген атпалдай азаматтың қатаң жаза алғанын қалайды. Себебі, күдікті тұрмыста болған кезімде де талай мәрте қол көтерген деп отыр. Желіге таралған бұл жағдай Сайрам ауданында болған. Тойшыл қауымның алдында алаңсыз ән шырқап тұрған Зода Тұрсынмұрадованы қонақтардың бірі ұрып құлатады. Қатты соққыдан миы шайқалған жәбірленуші жұдырық сілтеген бұрынғы қайын атам деп отыр. Оның мұндай қадамға не үшін барғанын түсіне алмай дал. ЗОДА ТҰРСЫНМҰРАДОВА, әнші: Енді мен өзім көтеріліп келе жатырмын. Өз күшіммен барлығын жасап жатырмын да. Сонша қоғамдық жерде ұрғанын кешіре алмай тұрмын. Тек келісімге келіп, участковый кешіріңіз, кешірім беріңіз деп сұрап жатыр. Ұрған адам кешірім сұраған жоқ. Қазіргі кезде ол бостандықта жүр. Негізі күйеуі әйелін ұрып тастаса да бірден қамайды ғой қазір. Ал, ол бостандықта жүр да. Көзіне жас алған әйел ажырасып кеткен күйеуімнен де, қайын атамнан да бұрындары көп қорлық көрдім дейді. Сондықтан көпшілік алдында абыройымды айрандай төккен азамат заң алдында жауап берсін деп отыр. ЗОДА ТҰРСЫНМҰРАДОВА, әнші: Мен 4 ай ғана тұрдым. Соңғы бір айда күйеуім басқа жаққа жұмысқа кеткен. Сол кезде ішіп келіп мені ұрсып ұрған. Менің балам сенің атыңнан кредит алды. Сен себепшісің деп мені ұрсып, ұрған болатын шапалақпен. Екіқабат кезімде ішімнен теуіп 12 рет ұрған күйеуім. Сол кезде шыдай алмадым. Ағамды шақырып кетіп қалдым. Қазір полиция қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болмақ. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: Аталған факті бойынша "ұрып-соғу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Жас әнші іс жылы жабыла ма деп қорқады. Өйткені бұрынғы күйеуім қоқан-лоққы көрсетуге көшті дейді. Полицияның тергеуге емес кешірім беруге шақырып жатқаны көңіліне күдік ұялатқан. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық