Үкі жайлы не білеміз?
Мұсылмандар үкіні киелі санайды. Себебі олар ол құстың қанатында Құранның құпия сөздері жазылады деп ұққан. Сондықтан болар қазақтар үкінің әр тал қанатын бесікке, балалар тақиясына, әйелдер кимешегіне, жүйрік аттың жалына және түрлі ұлттық аспаптарға тағып қояды. Ұлттық наным-сенім бойынша үкінің үлпілдеген қанаты жас нәрестелерді жын-періден қорғаса, бас киімге тағылғаны бақыт, ал аспаптарға байланғаны олжаға кенелтеді.