Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 бала көз жұмды
Абай облысы Бестерек ауылындағы жантүршігерлік жол апатынан көз жұмғандардың саны төрт балаға жетті. Бір ай ес-түссіз жатқан тоғыз жастағы Айзере Дәулеттің демі ауруханада үзілді. Дәрігерлер ауыр жарақат алған қыздың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады деп отыр. Дүйім елді есеңгіреткен қайғылы оқиға 19 тамызда болған еді. Toyota маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үйдің ауласында алаңсыз ойнап жүрген алты баланы қағып кеткен болатын. Салдарынан екі бала оқиға орнында, тағы біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмған. Ал тағы үшеуі емдеу мекемесіне жеткізілген. Балалардың ең кішісі екі жаста, үлкені тоғызда болған. Ақ халаттылар ақылдаса келе екі қызды Астанаға ауыстырған. Олар толық ем алып шықты. Ал, Үржар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан Айсере бақилық болды. Полиция бұл істі әлі тергеп жатыр. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал