Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың бірі босатылды
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың бірі Думан Ысқақ босатылды. Бұл туралы адвокаты мәлімдеді. Мейірман Шекеевтің айтуынша, Ысқақ 1,5 жылға сотталған. Ал тергеу изоляторында өткізілген бір күн екі күнге саналатындықтан, сотталған жасөспірім жазасын өтеп шыққан боп есептеледі. Адвокат сондай-ақ Қаржаубай Нұрымовтың отбасы бұл шешімге қарсы емес екенін де атап өтті. #ШерзатПолат #Шерзатісі #ДуманЫсқақ #Заңментәртіп #жаңалықтар #Хабар #Хабаржаңалықтар #жаңалықтар2025